GENETIC ARCHITECTURE OF SIGNS OF MEAT PRODUCTIVITY IN CATTLE OF KAZAKH WHITE-HEADED AND AULIEKOLSKY BREEDS
Alzhan Shamshidin, Индира Бейшова, Alena Belaya, Александр Ковальчук, Tatyana Ulyanova
Abstract
Мақалада:қазақтың ақбас ірі қара мал тұқымының бұқашықтары және «Москалевское» ЖШС, «АФ Диевское» ЖШС, 497 бас әулиекөл ірі қара мал тұқымының бұқашықтары туралы айтылған. Ірі қара малының ет өнімділігінің генетикалық негізін анықтау мал шаруашылығы үшін маңызды. Бұл мақаланың мақсаты – қазақтың ақбас және әулиекөл тұқым малының ет өнімділігі негізінде жатқан генетикалық құрылымға жан-жақты шолу жасау, гендер арасындағы күрделі өзара әрекеттесуді түсіндіру. Алдыңғы зерттеулерді талдай және қорытындылай келе, кемшіліктер анықталып, болашақ зерттеулерге бағыттар ұсынылды. Мақалада қазақтың ақбас және әулиекөл тұқымдарының ет өнімділігін қалыптастыру кезінде әртүрлі гендердің қатысуы туралы ақпарат берілген. Қазақтың ақбас ірі қара мал бұзауларының тірі салмағының гендік құрылымы – ADGRL2, ADAM22 және VTI1A, ал әулиекөл тұқымы INSR, OSBPL10, MAPK10, INSC, PLSCR2, HSP90AA1, SLC4A4, SCAF8, EPN2, ALDH5A1, PIGR, NIPAL1, WDR20, ADGB, WDR20 және CARD10 гендерінен тұрады. Олар арқылы жүретін биологиялық процестердің ішінде жасушалық процестер басым (тиісінше қазақтың ақбас және әулиекөл ірі қара мал тұқымдарында 25,0 және 28,5%); биологиялық реттеу процестері (12,50% және 21,43%), жасушаларды оқшаулау процестері (12,50% және 17,86%), даму процестері мен сигналинг біршама төмен деңгейде (12,5% және 10,71%) болды. Бұл мақала ауыл шаруашылығы малының генетикасымен айналысатын ғылыми қауымдастық үшін қазақтың ақбас және әулиекөл тұқымдарының ет өнімділігін қалыптастыруды оңтайландыру үшін мақсатты стратегияларын әзірлеуге көмектесетін құнды дереккөз болып табылады.