ORGANIZATION AND DEVELOPMENT OF WORKING INSTRUCTIONS FOR MAINTENANCE OF PUMPS OF LLP"JV "KAZGERMUNAI"
Symbat Satybaldy, Dinara Baskanbayeva, Nikolay Petrov
Abstract
Ғылыми мақалада "Қазгермұнай" БК" ЖШС мұнай кен орнындағы қолданыстағы сорғы түрлері оларға техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру, олардың оңтайлы жолдарын қарастыру және сорғылардың негізгі түрлері бойынша мамандардың қатысуымен техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстық нұсқаулық құжаттары жасалды. Мұнай кен орнындағы сорғылардың техникалық қызмет көрсету жұмыстары бойынша алдын-ала жоспарлау кестесі құрылды және ағымдағы жыл бойынша сорғылардың техникалық қызмет көрсету мерзімі бекітілді. Ғылыми мақаланың негізгі мақсаты мұнай кен орнындағы сорғылардың тұрақты түрде жұмыс жасауын қалыптастыру мақсатында техникалық қызмет көрсетуді оңтайландыра отырып кәсіпорындағы тоқтаусыз жұмыс жүйесін қалыптастыру сорғылардың жөндеу жұмыстарына кететін негізгі шығындардың көлемін азайту және мұнай кен орнындағы өндірістің көлемін арттыру болып табылады. Ғылыми мақаланың "Қазгермұнай" БК " ЖШС мұнай кен орнындағы 4 сорғы түрлері бойынша техникалық қызмет көрсету жұмыстары қарастырылды. Кәсіпорындағы олардың сенімділігін бағалаудың аналитикалық және статистикалық модельдерін әзірлей отырып олардың жұмыс жасау кезіндегі істен шығу түрлері және олардың ықтималдылықтары анықталды.Зерттеу материалдары мен әдістері: кәсіпорындағы мәліметтер базасын математикалық статистика әдістерімен өңдеу негізінде сенімділік сипаттамаларын анықтау мақсатында, гидравликалық жүйелерді жобалау және пайдалану бойынша ұсыныстарды кейіннен талдау және әзірлеу үшін пайдалану жағдайында сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің сорғы агрегаттарының істен шығуы және істен шығуы туралы ақпарат. Кәсіпорындағы жүргізілген ғылыми талдау нәтижелері бойынша сорғы жабдықтарының істен шығу базасын қалыптастыратын негізгі себептер анықталды, олардың пайда болуының басым себептері анықталды және олардың пайдалану, құрылымдық немесе жобалаушының қателіктері бойынша талдаулар жүзеге асырылды. Кәсіпорында қолданылатын сорғы жабдықтарының төрт тобы үшін сенімділік параметрлері бағаланды, оларға талдаулар жүргігізілді сонымен қатар мерзімдік техникалық қызмет көрсету кестесі және реглмаенті жасалды.